النصير
كلمة (النصير) في اللغة (فعيل) بمعنى (فاعل) أي الناصر، ومعناه العون...
Ақиқатында, Біз, Нұхты еліне: «Қауымыңды, оларға жан күйзелтуші азап келместен бұрын ескерт», - деп жібердік.
Ол айтты: «Әй, елім, шын мәнінде мен - сендерге анық ескертушімін,
Аллаһқа Құлшылық жасаңдар, Одан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.
Ол күнәларыңды кешіреді және сендерге белгіленген бір мерзімге дейін мұрсат береді. Шын мәнінде, Аллаһ белгілеген мерзім жетсе, ол кейінге ұзартылмайды, Егер де сендер білсеңдер», - деп.
Ол айтты: «Раббым, ақиқатында мен елімді түнде де, күндіз де / иманға / шақырдым.
Ақиқатында, мен оларды Сенің кешіруің үшін шақырған сайын олар саусақтарын құлақтарына тығып, киімдерімен бүркеніп алды және қасарысып, өздерін жоғары қойып, тәкаппарлана түсті.
Содан кейін мен оларды жалпы және оңаша / жекеше / түрде де / үгіттедім / .
Сондай-ақ: «Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер, өйткені Ол - көп Кешіруші / Ғаффар / .
сендерді мал-мүліктермен және перзенттермен қолдайды. Сендерге бау-бақшалар өсіріп және сендер үшін өзендер пайда қылады.
Аллаһ жеті аспанды қабат-қабат етіп қалай жаратқанын көрмедіңдер ме?
Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді жарық шығарушы қылды.
Аллаһ сендерді жерден / өсімдік секілді / шығарды.
Содан кейін сендерді оған қайтарады және қайта шығарады.
Нұх айтты: «Раббым! Ақиқатында, олар мағанбағынбай, сондай, өздеріне мал-дүниесі мен перзенттері зияннан басқаны арттырмаған біреулерге ілесті».
және / қауымына / айтты: «Сендер ешқашан өз құдайларыңды тастамаңдар. Уадты, Суағты, Яғусты, Яғуқты және Нәсірді еш уақытта тастаушы болмаңдар», - деп.
/ Нұх / : «Ақиқатында, бұлар көбін адастырды. Сен де / Раббым / әділетсіздерге адасудан басқаны арттырма!» - деді.
Олар біле тұра істеген қателерінің салдарынан суға батырылып әрі отқа кіргізілді. Сөйтіп, олар өздеріне Аллаһтан басқа ешқандай көмек берушілерді таппады.
Нұх айтты: «Раббым, кәпірлерден жерде бірде-бір тұрғын қалдырма!
Өйткені, Сен оларды қалдырсаң, олар құлдарыңды адастырады және бұзық, кәпірден басқаны көбейтпейді.
Раббым, мені, ата-анамды, үйіме иманды болып кіргендерді және иманды ерлер мен иманды әйелдерді кешір! Ал, әділетсіздерге жойылып кетуден басқаны арттырма!» - деді.