القادر
كلمة (القادر) في اللغة اسم فاعل من القدرة، أو من التقدير، واسم...
Сәмүд, Ғад елдері, ол үрейлі қияметті жасынға айналдырды.
Бірақ Сәмүд елі шектен шығуларының салдарынан типыл қылынды.
Я, Ғад елі де куілдеген қатты боранмен жоқ етілді.
Алла, оларға ол боранды жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде естірді. Сонда ол елді құрманың қуыс дөңбегінше құлағанын көрер едің.
Перғауын және одан бұрынғылар, сондай-ақ ойран болған кент тұрғындары қателескен.
Сонда олар Раббыларының елшілеріне қарсы келген. Сондықтан Алла, оларды қатты түрде қолға алған.
Расында су тасыған кезде, сендерді кемеге отырғыздық.
Оны, сендерге бір өнеге және естір құлақтарға естіп, сақтау үшін ғибрат қылдық.
Жер мен таулар көтеріліп, соғылып күйреген сәтте,
Періште көктің атырапында болады. Сондай-ақ Раббыңның ғаршысын сегіз періште үстеріне көтереді.
Сол күні ұсыныласыңдар. Еш нәрселерің жасырылмайды.
Сонда енді кімнің кітабы оңынан берілсе; "Алыңдар, кітабымды оқыңдар!",- дейді.
(Оларға): "Өткен күнде істеген ғамалдарыңның арқасында ішіңдер, жеңдер сіңімді болсын" (делінеді.)
Ал енді кімнің кітабы солынан берілсе: "Әттеген-ай! Кітабым берілмесе еді" дейді.
"Әттең! Іс бітіп кеткен болса еді. (Қайта тірілмеген болсам еді.)"
"Одан кейін оны жетпіс құлаш шынжырмен матаңдар" (делінеді.)
"Әрі олар міскіндерді тамақтандыруға қызықтырмаған еді."
Күдіксіз бүл Құран ардақты бір Елшінің сөзі. (Елші ойдан шығармайды, міндетін орындайды. Б.Ж.М.)
Ол, бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер.
Сондай-ақ ол, бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер.
Сөзсіз сендерден өтірік деушілердің барлығын анық білеміз.
Өйткені, ол Құран, әрине қарсы келушілер үшін бір қасірет.