البحث

عبارات مقترحة:

الأعلى

كلمة (الأعلى) اسمُ تفضيل من العُلُوِّ، وهو الارتفاع، وهو اسمٌ من...

المعطي

كلمة (المعطي) في اللغة اسم فاعل من الإعطاء، الذي ينوّل غيره...

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

ترجمة معاني القرآن الكريم للغة الكازاخية ترجمة جمعية خليفة الطاي الخيرية. ملاحظة: ترجمات بعض الآيات (مشار إليها) تم تصويبها بمعرفة مركز رواد الترجمة، مع إتاحة الاطلاع على الترجمة الأصلية لغرض إبداء الرأي والتقييم والتطوير المستمر.

1- ﴿بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَٰنِ الرَّحِيمِ الْحَاقَّةُ﴾


Әл-Хаққа / міндетті түрде болатын / .

2- ﴿مَا الْحَاقَّةُ﴾


«Міндетті түрде болатын», - деген не?

3- ﴿وَمَا أَدْرَاكَ مَا الْحَاقَّةُ﴾


/ Ей, Мұхаммед! / Әрі «Міндетті түрде болатынның» не екенін саған не білдірді?

4- ﴿كَذَّبَتْ ثَمُودُ وَعَادٌ بِالْقَارِعَةِ﴾


Сәмұд және Ад елдері «Қариъаны» / Қиямет күнін / өтірік санады.

5- ﴿فَأَمَّا ثَمُودُ فَأُهْلِكُوا بِالطَّاغِيَةِ﴾


Сөйтіп, Сәмүдтықтар «Тағиямен» / шектен тыс қуатты нәрсемен / жойылды.

6- ﴿وَأَمَّا عَادٌ فَأُهْلِكُوا بِرِيحٍ صَرْصَرٍ عَاتِيَةٍ﴾


Ал, Адтықтар жойқын, аязды дауылмен жойылды.

7- ﴿سَخَّرَهَا عَلَيْهِمْ سَبْعَ لَيَالٍ وَثَمَانِيَةَ أَيَّامٍ حُسُومًا فَتَرَى الْقَوْمَ فِيهَا صَرْعَىٰ كَأَنَّهُمْ أَعْجَازُ نَخْلٍ خَاوِيَةٍ﴾


Ол / Аллаһ / оны олардың үстіне жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде соқтырып қойды. Сен ол елді іші кеуек кұрма ағаштарындай құлап жатқанын көресің.

8- ﴿فَهَلْ تَرَىٰ لَهُمْ مِنْ بَاقِيَةٍ﴾


Сен олардан қалған бірер нәрсені көресің бе?

9- ﴿وَجَاءَ فِرْعَوْنُ وَمَنْ قَبْلَهُ وَالْمُؤْتَفِكَاتُ بِالْخَاطِئَةِ﴾


Фиръаун мен одан алдыңғылар да және асты үстіне төңкеріліп ойран болған елдер де әдейі / біле тұра / қате істеді.

10- ﴿فَعَصَوْا رَسُولَ رَبِّهِمْ فَأَخَذَهُمْ أَخْذَةً رَابِيَةً﴾


Олар Раббысының Елшісіне бойсұнбады да Ол / Аллаһ / оларды өте қатты ұстаумен тұтты.

11- ﴿إِنَّا لَمَّا طَغَى الْمَاءُ حَمَلْنَاكُمْ فِي الْجَارِيَةِ﴾


Ақиқатында, су тасыған кезде, Біз сендерді кемеге мінгіздік,

12- ﴿لِنَجْعَلَهَا لَكُمْ تَذْكِرَةً وَتَعِيَهَا أُذُنٌ وَاعِيَةٌ﴾


оны сендерге еске салу үшін әрі оны ұғатын құлақтардың ұғуы үшін / істедік / ?

13- ﴿فَإِذَا نُفِخَ فِي الصُّورِ نَفْخَةٌ وَاحِدَةٌ﴾


Ал, қашан сүр бір рет үрілгенде,

14- ﴿وَحُمِلَتِ الْأَرْضُ وَالْجِبَالُ فَدُكَّتَا دَكَّةً وَاحِدَةً﴾


әрі жер мен таулар көтеріліп, бір соққымен күйретілген кезде,

15- ﴿فَيَوْمَئِذٍ وَقَعَتِ الْوَاقِعَةُ﴾


міне, сол күні Уақиъа / Қиямет / басталады.

16- ﴿وَانْشَقَّتِ السَّمَاءُ فَهِيَ يَوْمَئِذٍ وَاهِيَةٌ﴾


Сондай-ақ аспан сетінеп, сол күні ол әлсіз / берік емес / күйде болады.

17- ﴿وَالْمَلَكُ عَلَىٰ أَرْجَائِهَا ۚ وَيَحْمِلُ عَرْشَ رَبِّكَ فَوْقَهُمْ يَوْمَئِذٍ ثَمَانِيَةٌ﴾


Әрі Періштелер оның шеттерінде болады. Сол күні олардың үстінде Раббыңның аршын сегіз / періште / көтеріп тұрады

18- ﴿يَوْمَئِذٍ تُعْرَضُونَ لَا تَخْفَىٰ مِنْكُمْ خَافِيَةٌ﴾


Сол күні сендер / Аллаһтың / алдына шығарыласыңдар, сендердегі ешбір құпия жасырын қалмайды.

19- ﴿فَأَمَّا مَنْ أُوتِيَ كِتَابَهُ بِيَمِينِهِ فَيَقُولُ هَاؤُمُ اقْرَءُوا كِتَابِيَهْ﴾


Міне, сонда кімнің кітабы оң жағынан берілсе: «Мінеки, менің кітабымды оқыңдар!

20- ﴿إِنِّي ظَنَنْتُ أَنِّي مُلَاقٍ حِسَابِيَهْ﴾


Анығында, мен осы Есебіме кездесетініме сенген едім», - дейді.

21- ﴿فَهُوَ فِي عِيشَةٍ رَاضِيَةٍ﴾


Сөйтіп ол разы болатын өмірде, -

22- ﴿فِي جَنَّةٍ عَالِيَةٍ﴾


биік / Жәннат / бағында болады,

23- ﴿قُطُوفُهَا دَانِيَةٌ﴾


сондай жемістері төніп тұратын.

24- ﴿كُلُوا وَاشْرَبُوا هَنِيئًا بِمَا أَسْلَفْتُمْ فِي الْأَيَّامِ الْخَالِيَةِ﴾


Оларға: «Өткен күндерде істеген амалдарың себепті рахаттана жеңдер әрі ішіңдер», - делінеді.

25- ﴿وَأَمَّا مَنْ أُوتِيَ كِتَابَهُ بِشِمَالِهِ فَيَقُولُ يَا لَيْتَنِي لَمْ أُوتَ كِتَابِيَهْ﴾


Ал, кімнің кітабы сол жағынан берілсе, ол: «Еһ, әттең, маған кітабым берілмесе еді!

26- ﴿وَلَمْ أَدْرِ مَا حِسَابِيَهْ﴾


Есебімнің не екенін білмесем еді!

27- ﴿يَا لَيْتَهَا كَانَتِ الْقَاضِيَةَ﴾


Әттең, бұл / өлімім бәрін / бітіруші болғанда еді!

28- ﴿مَا أَغْنَىٰ عَنِّي مَالِيَهْ ۜ﴾


Мал-дүнием мені құтқармады.

29- ﴿هَلَكَ عَنِّي سُلْطَانِيَهْ﴾


Менің билігім / күш-қуатым / жойылды», - дейді.

30- ﴿خُذُوهُ فَغُلُّوهُ﴾


/ Тозақ сақшыларына бұйырылады / : «Оны ұстаңдар да бұғаулаңдар.

31- ﴿ثُمَّ الْجَحِيمَ صَلُّوهُ﴾


Кейін оны Жахимға салыңдар.

32- ﴿ثُمَّ فِي سِلْسِلَةٍ ذَرْعُهَا سَبْعُونَ ذِرَاعًا فَاسْلُكُوهُ﴾


Содан кейін оны / денесін / ұзындығы жетпіс шынтақ шынжырдан өткізіңдер.

33- ﴿إِنَّهُ كَانَ لَا يُؤْمِنُ بِاللَّهِ الْعَظِيمِ﴾


Себебі ол ұлы Аллаһқа сенбеген еді,

34- ﴿وَلَا يَحُضُّ عَلَىٰ طَعَامِ الْمِسْكِينِ﴾


әрі кедей, жарлыларды тамақтандыруға үгіттемеген / өзгелерді шақырмаған / еді.

35- ﴿فَلَيْسَ لَهُ الْيَوْمَ هَاهُنَا حَمِيمٌ﴾


Бүгін мұнда оған бір жақын / дос / жоқ,

36- ﴿وَلَا طَعَامٌ إِلَّا مِنْ غِسْلِينٍ﴾


және сасық іріңнен басқа ешбір тамақ та жоқ.

37- ﴿لَا يَأْكُلُهُ إِلَّا الْخَاطِئُونَ﴾


Оны біле тұра қателескендерден / күнәһарлардан / басқа ешкім жемейді.

38- ﴿فَلَا أُقْسِمُ بِمَا تُبْصِرُونَ﴾


Сендердің көріп тұрғандарыңмен ант етемін!

39- ﴿وَمَا لَا تُبْصِرُونَ﴾


Әрі көрмей тұрғандарыңмен де!

40- ﴿إِنَّهُ لَقَوْلُ رَسُولٍ كَرِيمٍ﴾


Ақиқатында, бұл / Құран / - ардақты бір Елшінің / Аллаһтан жеткізген / сөзі.

41- ﴿وَمَا هُوَ بِقَوْلِ شَاعِرٍ ۚ قَلِيلًا مَا تُؤْمِنُونَ﴾


Бұл - ақынның сөзі емес. Сендер қандай аз сенесіңдер.

42- ﴿وَلَا بِقَوْلِ كَاهِنٍ ۚ قَلِيلًا مَا تَذَكَّرُونَ﴾


Әрі ол бақсы-балгердің, сәуегейдің де сөзі емес. Сендер қандай аз еске аласыңдар.

43- ﴿تَنْزِيلٌ مِنْ رَبِّ الْعَالَمِينَ﴾


Бұл - әлемдердің Раббысынан түсірілген.

44- ﴿وَلَوْ تَقَوَّلَ عَلَيْنَا بَعْضَ الْأَقَاوِيلِ﴾


Егер де ол кейбір сөздерді Бізге таңса,

45- ﴿لَأَخَذْنَا مِنْهُ بِالْيَمِينِ﴾


онда оны оң қолынан ұстап алатын едік,

46- ﴿ثُمَّ لَقَطَعْنَا مِنْهُ الْوَتِينَ﴾


кейін оның күре тамырын үзер едік.

47- ﴿فَمَا مِنْكُمْ مِنْ أَحَدٍ عَنْهُ حَاجِزِينَ﴾


Сонда сендерден ешкім де оны тосып қала алмас еді.

48- ﴿وَإِنَّهُ لَتَذْكِرَةٌ لِلْمُتَّقِينَ﴾


Әрі шын мәнінде, бүл / Құран / - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін бір еске салу.

49- ﴿وَإِنَّا لَنَعْلَمُ أَنَّ مِنْكُمْ مُكَذِّبِينَ﴾


Және анығында, Біз сендердің араларыңда өтірікке шығаратындар бар екенін анық білеміз.

50- ﴿وَإِنَّهُ لَحَسْرَةٌ عَلَى الْكَافِرِينَ﴾


50Әрі күдіксіз, бүл күпірлік етушілер / теріске шығарушылар / үшін өкініш.

51- ﴿وَإِنَّهُ لَحَقُّ الْيَقِينِ﴾


Және күдіксіз, ол - айқын ақиқат.

52- ﴿فَسَبِّحْ بِاسْمِ رَبِّكَ الْعَظِيمِ﴾


/ Ей, Мұхаммед! / Ұлы Раббыңның есімін / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте!

الترجمات والتفاسير لهذه السورة: